Елдегі алғашқы «Цзинчжан» Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Қорғас порты арқылы жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қыркүйекте елдегі алғашқы «Цзинчжан» Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Шыңжаңның Қорғас теміржол портынан аттанып, Қазақстан арқылы Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына барады.

Пойыз Хэбэй өлкесінің Чжанцзякоу қаласынан жолға шықты, барлығы 59 контейнерде автомобиль бөлшектері, тұрмыстық техника, лифт жабдықтары және т.б. жүктер бар, жүк салмағы 1322 тонна, құны 20,99 миллион юань тұрады. Бұл пойыздың тасымалға шығуы ел ішіндегі және халықаралық логистикалық арналарды одан әрі байытып, Хэбэйдің жергілікті тауарларын, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жаңа энергетикалық көліктерді, мұз бен қар өндіруге арналған жабдықтарды Орталық Азияға жеткізуді қамтамасыз етті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото