Қытайда фильмдердің жазғы кассасы 20,619 миллиард юаньға жетіп, рекорд жаңалады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 қыркүйек

5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілшінің Ұлттық кино басқармасынан алған ақпаратына сәйкес,биылғы жазғы кассада (1 маусымнан 31 тамызға дейін) Қытайда фильмдердің жалпы кассасы 20,619 миллиард юаньды құрап, көрермендер саны 505 миллионға жеткен. Бұл қытайлық «жазғы фильмнің» кассасы бірінші рет 20 миллиард юаньнан асып, тарихтағы ең жоғары рекордты жаңалауын дәлелдейді. Олардың ішінде отандық фильмдер кассада 18,057 миллиард юань жинап, нарықтың 87,58% құрады. Мұндай жетістіктер Қытай киносының қарқынды өсуі мен өміршеңдігін көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото