Ханчжоудағы Азия ойындарының алауы 8 дәрежелі нөсермен дауылдан қорықпай 8 қыркүйек күні тұтатылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қыркүйек күні Ханчжоуда 19-ыншы Азия ойындарының ашылуына шамамен екі апта қалғанда, алау жеткізу қимылы ресми түрде басталды.

Ханчжоудағы Азия ойындарының алауының жалпы биіктігі 730 мм және таза салмағы 1200 грамм. Дизайн шабыты Қытай өркениетінің 5000 жылдық тарихын бейнелейтін Лянчжу мәдениетінен алынған.

Ауа райының әсерін азайту үшін алау техникалық жағынан жетілдірілді. Ол желдің жылдамдығы 30 метр/секундына (шторм 11-ші деңгейдегі) және 48 мм/сағ (қатты жауын) жауында сөнбей лаулап жанады әрі алау өзегі анық көрінеді. Мұны дауыл соқса - өшпейтін, нөсер жауса - сөнбейтін алау деп атауға болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото