Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының 10-ыншы форумына құттықтау хат жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының 10-ыншы форумына қатысушыларға құттықтау хат жолдады.

Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумы құрылғаннан бері оның ауқымы үнемі кеңейіп келе жатқанын және оның ықпалы күннен-күнге артқанын атап өтті. Осы форум арқылы Қытай мен Орталық Азияның бес елі өзара түсіністік пен дәстүрлі достықты тиімді нығайтып, тату көршілік достықтың жаңа тарауын бірлікте жазып, ортақ ынтымақтастық пен өзара тиімді дамуға ұмтылады.

Си Цзиньпин биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толатынын және Қытайдың Орталық Азия елдерімен «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы ынтымақтастығы халықаралық қоғамдастықтың алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Осы жылдың мамыр айында Қытай-Орталық Азия саммиті сәтті өтіп, Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы жаңа дәуірге аяқ басты. Жаңа жағдайда Қытай мен Орталық Азияның ынтымақтастығы зор әлеуетке ие және әрине, үлкен жетістіктерге жетелейді. Барлық тарап Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының 10-ыншы форумын өткізу, форум платформасының рөлін толық пайдалану, өзара үйренуді нығайту, «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы ынтымақтастықты тереңдету және неғұрлым жемісті нәтижелерге қол жеткізу үшін Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастарды дамытуға жәрдемдесу мүмкіндігі ретінде қабылдауды күтетінін жеткізді.

9 қыркүйек күні Фуцзянь өлкесінің Сямэнь қаласында Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының 10-ыншы форумы ашылды. Форумды Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тату көршілік достық және ынтымақтастық комитеті мен Фуцзянь өлкесінің Халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото