Ханчжоудан Алматыға тікелей рейс ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйек күні Ханчжоу Сяошань халықаралық әуежайында Ханчжоу-Алматы және Ханчжоу-Дубай рейстерінің ашылу салтанаты өтті.

Ханчжоу-Алматы бағытын Ханчжоудағы Азия ойындарының ресми серіктесі Zhejiang changlong Airlines авиакомпаниясы орындайды. Авиакомпания Airbus A321 ұшақтарымен аптасына үш рет ұшуды іске асырады. Ханчжоудан әр аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынаса, Алматыдан да осы күндері ұшып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото