«Қытай жазуына махаббат» атты 2023 жылғы халықаралық байқаудың шешуші сайысына қатысушылардың тізімі анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық Шетелдермен достық қауымдастығы ұйымдастырып, онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online)өткізетін «Қытай жазуына махаббат» атты 2023 жылғы халықаралық байқау бастапқы және қайталай саралау кезеңдерінен кейін шешуші жарыс мезгіліне жетті.

Бұл 2023 жылғы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына тура келді. Жібек жолының «Бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен кеңдік, өзара өнеге алу, өзара пайда жеткізіп, тең ұтысқа жету» рухы адамзаттың ортақ қазынасына айналды. «Отан» тақырыбына арналған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды әр тараптың өркениеттік алмасуы, өзара өнеге алу, өзара түсіну және интеграция туралы пікірлесіп, жарасымды әлем құру туралы ортақ армандарын бірге жеткізуге шақырады.

Конференция үш кезеңге бөлінеді: бастапқы байқау, қайталай саралау және финал. «Бір реттік онлайн жауап» және «өзін-өзі таныстыруға арналған бір минуттық бейне» арқылы бастапқы байқауда ерекшеленген ойыншылар қайталай саралауға қатысты. Қайталай саралау бейне байланыс арқылы өтті. Төрешілер қайталай саралауға қатысушылардың экспромттарына сүйене отырып, жан-жақты бағалай келе соңында финалға қатысатын 10 (топтық) ойыншыны таңдады.

Финал 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Шаньси өлкесінің Цзиньчэн қаласында өтеді. Өз кезегінде 10 ойыншы қытай тілінде «Отан» тақырыбында 7 минуттық сөз сөйлейді. Төрешілер сюжеттің негізгі құндылықтарына, сахнадағы тартымдылыққа, қытай тілінде сөйлеу қабілетіне және өркениет алмасудағы тиімді жақтарына сүйене отырып, әр түрлі марапаттарға лайықты қатысушыларды бағалайды.

Финалистердің тізімі (Мемлекет аттары бойынша алфавиттік тәртіпте):

1, Yasser Mahamad Senoussi+Ousama Mahamad Senoussi Ahmad, Электронды ғылымдар және технологиялар университеті, Чад.

2, Moses Arthur Baidoo, Донхуа технологиялық университеті, Гана.

3, Lydia Nduta Njoroge, Чюйфу педагогикалық университеті,  Кения.

4, Senyord Chanmaly, Шаньси Университеті, Лаос.

5, Oyungerel Gegee, Ішкі Моңғол Университеті, Моңғолия.

6, Ojimmadu Raphael Ebube, Шанхай шет тілдер университеті, Нигерия.

7, Kaleem Sajid, Пәкістан.

8, Ratajczak Paulina Magdalena, Аньшань педагогикалық университеті, Польша.

9, Siniakov Andrei, Яньчэн өнеркәсіптік кәсіптік-техникалық колледжі, Ресей.

10, Sejoud Isam Mahir Hassan, Ланчжоу Университеті, Судан.

«Марапаттар»:

Финалда 1 бас жүлде; 2 бірінші жүлде; 3 екінші жүлде; 4 үшінші жүлде;Шетелдік дивизиондар үшін арнайы «Чемпион» сыйлығы бар. Әрбір жеңімпаз ойыншы сертификат, финалдық кәдесый және ақшалай сыйлық алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото