Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ту ұстайтын атлеттері анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 қыркүйек

Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ту ұстайтын атлеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар – бокстан Қазақстанның Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшы Надежда Дубовицкая!

Айта кетейік, Асланбек 1993 жылы 9 қазанда Қазақстанның Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Ал Надежда 1998 жылы 12 наурызда Қазақстанның Семей қаласында дүниеге келген. Ол – жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото