Ханчжоу Азия ойындары: Шаосин бейсбол (софтбол) спорт және мәдени орталығы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 қыркүйек

19 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шаосин бейсбол (софтбол) спорт және мәдени орталығының жалпы құрылыс алаңы шамамен 160 000 шаршы метр және жалпы инвестициясы шамамен 1,8 миллиард юань. Қазіргі уақытта бұл Қытайдағы ең үлкен бейсбол және софтбол алаңы, сондай-ақ халықаралық жарыс стандарттарына сәйкес салынған бірінші алаң. Бейсбол стадионының 1 алаңында 5 000, 2 алаңда 2 500, софтбол алаңында 2 500 тұрақты орын бар. Алаңның материалдық бөлігіне келетін болсақ, бейсбол мен софтбол алаңының топырақты бөлігінің материалы - 2008 жылғы Олимпиада ойындарының бейсбол және софтбол алаңында қолданылған өнім. Жаңбыр жауған жағдайда, алаң лайланбайды және жаттығулар мен жарыстарды әдеттегідей өткізуге болады.

Азия ойындарынан кейін ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі коммерциялық блоктармен салынады, қазірге дейін көптеген саудагер келісімге отырып болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото