10 жыл ішінде Қытай-Еуропа пойызы Азия мен Еуропа арасында жаңа құрлық тасымалы арнасын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің жақында Қытай-Еуропа халықаралық пойыз ынтымақтастығы форумынан алған ақпаратына сәйкес, соңғы 10 жылда 77000 Қытай-Еуропа пойызы қатынап, 7,31 миллион TEU тасымалдады, жүк құны 340 миллиард доллардан астамға жетеді. Бұл Халықаралық экономика мен сауда ынтымақтастығы үшін маңызды дәнекер болды.

10 жылдық даму арқылы Қытай-Еуропа пойызы Азия мен Еуропа арасында жаңа құрлық тасымалы арнасын ашты.

Қытайдың ішінде Алашанькоу, Қорғас, Эрлианхот, Маньчжурия және Суйфенхэ сияқты порттар арқылы елден шығатын батыс, орта және шығыс сынды үш негізгі көлік арнасын қалыптастырып, сағатына 120 шақырым жылдамдықпен 112 қаланы байланыстыратын 86 тұрақты Қытай-Еуропа пойызы маршрутын ашты;Қытайдан тыс жерде солтүстік, орта және оңтүстік үш негізгі арнаны құрып, Еуропаның 25 елі мен аймағындағы 217 қалаға, сондай-ақ Азияның «Бір белдеу, бір жол» бойындағы 11 елінің 100-ден астам қаласына қатынады.

Қытай-Еуропа пойызының 10 жылдық дамуынан кейін халықаралық көлік ынтымақтастығында жаңа жағдай ашылды. Теңіз және әуе тасымалымен салыстырғанда Қытай-Еупопа пойыздарының тасымалдау құны әуе тасымалы құнының 1/5 бөлігін құрайды, ал тасымалдау уақыты теңіз тасымалы құнының 1/4 бөлігін құрайды. Ол табиғи ортаның ықпалына төзімді және жоғары тұрақтылыққа ие. Қытай-Еуропа пойыздарының көмірқышқыл газының орташа шығарындылары әуе көлігі шығарындыларының 1/15 бөлігін және автомобиль көлігі шығарындыларының 1/7 бөлігін құрайды. Жаһандық климаттың өзгеруіне төтеп беруде және көміртегі шыңы мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде маңызды демонстрациялық рөл атқарды.

10 жылдық даму барысында Қытай-Еупопа пойызы байланысты салаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Қытай-Еуропа пойызы ашылғаннан кейін Чунцин, Чэнду және басқа қалалар тез арада электронды ақпарат, автомобильдер мен жабдықтар өндіретін өндірістік базаларға айналды; Сиань, Чжэнчжоу және Ухань сияқты Қытай-Еуропа пойызын жөнелтуші қалалардағы экспортқа бағытталған өндіріс айтарлықтай өсімге қол жеткізді. Қытайдан Еуропаға жеткізілетін тауарлар санаты автомобильдер, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ электронды өнімдер сияқты 50 000-нан астам тауар түріне дейін кеңейтілді; Еуропадан Қытайға жеткізілетін тауарлар санаты механикалық және электротехникалық бұйымдарға, медициналық жабдықтарға, машиналар мен компоненттерге және басқа тауарларға дейін кеңейтілді.

Қытай мемлекеттік теміржол корпорациясының мәліметтері бойынша, биылдың қаңтарынан тамызға дейін 11 638 Қытай-Еуропа пойызы аттанып, 1,262 миллион TEU жүк жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 10% және 23%-ға өсті, олар сапаны жақсарту, жоғары тиімділік және анағұрлым қауіпсіздік бағытында дамып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото