Азия ойындары жібекті танымал етті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоуда Азия ойындарының ашылуы жақындаған сайын, Ханчжоу мәдени мұрасы символдарының бірі жібек сансыз жанкүйерлерді өзіне тарта бастады. Жібек мата Азия ойындарының костюмдері мен медаль ленталары үшін негізгі материал ғана болған жоқ. Азия ойындары тақырыбындағы «Азия ойындарының Ханчжоу шоуы» атты үгіт-насихат фильмінде мыңдаған жібек бұйымдары қолданылды. Жібек матасы Қытай мен әлемнің, дәстүрлі мәдениет пен заманауи эстетиканың, классикалық мұра мен ұлттық стильдің жандануын сабақтастыратын маңызды дәнекерге айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото