Азиада, Ханчжоу-2022: Олимпиадалық ауылда Қазақстанның туы ресми көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 қыркүйек

Ханчжоу қаласында Қазақстан туын көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Бұл іс-шара қазақстандық спорт делегациясының Азия ойындарына ресми түрде келгенін білдіреді деп хабарлайды dknews.kz.

Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасы сапында 524 спортшы бақ сынайды. Олар 40 спорт түрінің 30 түрі бойынша өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшылар 44 дисциплина бойынша жүлделі орындарға таласып, 305 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жалпы Азия ойындарында 61 дисциплина бойынша барлығы 481 медаль жиынтығы ойнатылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото