Ханчжоудағы Азия ойындары

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 қыркүйек

Қазақстандық Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына өтті. Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түседі. Финалда бұл сайыстарға конкур қосылады деп хабарлайды dknews.kz.

Бүгін түстен кейін жартылай финалда Қазақстандық Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин шешуші кезеңге шығу үшін өз өнерлерін ортаға салады.

Әйелдердің сайысында қатысушылардың саны аз болғандықтан Қазақстандық Анастасия Кочеткова, Елена Потапенко, Людмила Яковлева және Кристина Рябова іріктеусіз, бірден финалда өнер көрсетеді.

Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйек күні өтеді. ТОП-5 енген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Бірақ 1 елге тек 1 жолдама беріледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото