Си Цзиньпин: Азия ойындары Азия халықтарының бейбітшілікке, бірлікке және бауырмалдыққа деген ерекше ұмтылысын көрсетеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоуда 19-ыншы Азия ойындарының ашылу салтанатына орай құттықтау қонағасында сөйлеген сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Азия ойындары Азия халықтарының бейбітшілікке, бірлікке және бауырмалдыққа деген керемет ұмтылысын көрсететінін айтты.

Төрағаның айтуынша, соңғы бірнеше онжылдықта Азия аймағы тұрақтылықты сақтап, экономикасы да тез қарқын ала бастады. Азия ойындары осы ғажайыптардың куәгерлері, қатысушылары және ықпал етушілері болмақ.

Қытай көшбасшысы: «Біз спортты бейбітшілікті нығайту үшін пайдалануымыз керек. Тату көршілік, өзара пайда және тең ұтысқа жету қағидаттарын ұстануға тиіспіз. Қырғи қабақ соғыс пен лагерьлер арасындағы қақтығыстар идеиясына қарсы тұрып, Азияны бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің тұрақты тірегіне айналдыруымыз керек», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото