Шыңжаңдағы ең ірі гидроаккумуляциялық электр станциясының құрылысы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының даму және реформа комитетінен алған ақпаратына сәйкес, 25 қыркүйекте Шыңжаңдағы Байнғолин Моңғол автономиялық облысының Чарқылық ауданында Шыңжаң Чарқылық су жинақтаушы электр станциясының құрылысы басталған. Бұл Шыңжаңдағы ең ірі және Оңтүстік Шыңжаңдағы алғашқы су жинақтаушы электр станциясының құрылысы ресми ашылатынын білдіреді.

Электр станциясы іске қосылғаннан кейін ол шамамен 1,345 миллион тонна стандартты көмірді үнемдей алады және көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына шамамен 4,046 миллион тоннаға азайтып, аймақтың экологиялық таза және төмен көміртекті даму қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото