Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтын медальге ие болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 қыркүйек

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. ҚазАқпарат бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Қазақстан спортшылары сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.

23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 Қазақстандық (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр. Жазғы ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото