Ханчжоудағы Азия ойындарының жартысынан көбі аяқталды, Қытай командасының көрсеткіші күткеннен асып түсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 қазан

2 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоудағы Азия ойындарының жартысынан көбі аяқталды. 1 қазандағы жағдай бойынша барлығы 36 делегация медаль жеңіп алды. Қытай спорт құрамасының көрсеткіші күткеннен де жақсы болды.

Осыған дейінгі жарысқа көз жүгіртсек, қытайлық спорт делегациясы көптеген белесті бағындырды, жүзу бойынша жаңаланған 8 азиялық рекордтың алтауын Қытай командасы орнатты.

Нысана ату бойынша Қытай құрамасы 7 жарыс күнінде 14 алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар сол жарыс күнінде қатарынан екі әлемдік рекорд жаңартты.

Азия ойындарының екінші жартысында Қытай командасы үшін жеңіл атлетикада, суға секіруде, бадминтонда, байдаркада және басқа да негізгі спорт түрлерінде алтын медальдан үміт бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото