Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қазан

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық балуан 76 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдесті.

Бұған дейін Жәмила әлем чемпионатында үш, Айпері екі мәрте жүлдегер атанған еді.

Биылғы әлем біріншілігінен кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан Жәмила қарсыласына 4:7 есебімен жол берді.

Сөйтіп күміс жүлдеге ие болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото