- Барлық ақпарат
Азиада: Қазақстан 5 қазандағы жарыс күнін қалай түйіндеді
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қазан
Бейсенбі күні Қазақстан Ханчжоудағы Азия ойындарында 3 алтын медаль жеңіп алып, турнир кестесіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан спортшылары бұл күні жалпы 10 жүлде еншіледі: 3 алтын, 4 күміс және 3 қола.
Нәтижесінде Қазақстан медальдар кестесінде 13-орыннан 11-ге көтерілді. Осы уақытта ел қоржынында 61 жүлде бар: 8 алтын, 15 күміс және 38 қола.
Еске салайық, 5 қазандағы жарыс күні Қазақстан құрамасынан «алтынды» қанжығасына байлағандар: джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков, велошабандоз Евгений Федоров, каратэші Нұрқанат Әжіқанов.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online