Қазақстан мен Өзбекстанда «Жібек жолында» телебағдарламаның көрсетілімі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қазан

7 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның «Атамекен» телеарнасында «Жібек жолында» телебағдарламасының көрсетілімі ресми түрде басталды. Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасының кино және теледидар аудармасы орталығының директоры Ван Лу, Азия-Еуропа терминалы станциясы бастығының орынбасары Шао Цзяньгуан, Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Син Фанфан және Қазақстан «Атамекен» телеарнасының директоры Қанат Сахариянов сияқты 30-дан астам адам алғашқы қойылымның куәгері болды.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына орай қазақстандық телеарналарда, веб-сайттарда және әлеуметтік желілер сияқты платформаларда қазақ және орыс тілдерінде «Өнер әлеміндегі Қытай», «Тау-өзен арасындағы мекен», «Баяу пойыз» және «Қытай тағамы·Теңіз өнімдері» және т.б. Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасының үздік 4 телебағдарламасы көрсетіліп, қазақстандық көрермендерге Қытай мәдениетін, өнері мен өмірін түсінуге тамаша мүмкіндік береді.

«Атамекен» телеарнасының директоры Қанат Сахариянов Қытай мен Қазақстан достық көршілер екенін және халықтар көңілінің тоғысуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін негіз болып табылатынын айтты. Фильмдер мен телебағдарламаларды көрсету жөніндегі осы іс-шараның арқасында қазақстандық аудитория Қытай мәдениеті мен қоғамын жақсы түсіне алады, бұл екі ел халқы арасындағы қашықтықты қысқарту үшін зор маңызға ие.

Бұған дейін Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасының кино және теледидар аудармасы орталығы мен Өзбекстан ZO'R TV телеарнасы Ташкентте қытайлық «Жібек жолында» кино және телебағдарламаларын тарату туралы келісімге қол қойған болатын. Қытайдың Өзбекстандағы елшісі Юй Цзюнь және Өзбекстан ұлттық БАҚ қауымдастығының төрағасы, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Құдрат Қожа қол қою рәсімінің куәгері болды. Қытайдың Бас телеарнасының көрнекті кино және телебағдарламаларының өзбек тіліндегі нұсқасы да жақын арада өзбек БАҚ-тарында бірінен соң бірі көрсетіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото