Қос мереке кезінде ел ішінде 826 миллион ішкі саяхат жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қазан

7 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы күздің ортасындағы фестиваль мен мемлекеттік мереке кезінде мәдениет және туризм индустриясы айтарлықтай жанданды. Бүкіл елде мереке нарығы тұрақты және ретті болды. Мәдениет және туризм министрлігінің деректер орталығының есептеулеріне сәйкес, сегіз күндік демалыс кезінде 826 миллион ішкі туризм саяхаты болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,3%-ға өсті, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. Ішкі туризмнен түскен табыс 753,43 миллиард юаньды құрап, 129,5%-ға өсті.  Салыстырмалы көрсеткішке сәйкес, 2019  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға өсті. Халықтың демалыс саяхатына дайындығы шоғырлы түрде ағын қалыптастырып, мәдениет пен туризм тұтынуы қарқынды өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото