Ханчжоудағы Азия ойындарының дзюдо төрешісі: жоғары технология төрешілерге әділ баға беруге көмектеседі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қазан

Халықаралық дзюдо төрешісі Жандос Қарақожаұлы Қиянов, фотоны сұхбат беруші ұсынды

7 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ханчжоудағы Азия ойындарының әртүрлі іс-шаралары өте қиян-кескі. Әрбір керемет ойынды төрешінің адал және кәсіби баға беруінен бөле қарауға болмайды. Қазақстаннан келген Халықаралық дзюдо төрешісі Жандос Қарақожаұлы Қиянов Ханчжоудағы Азия ойындарында енгізілген жаңа технология төрешілерге әділ баға беруге көмектескенін айтты.

Жандос Қарақожаұлы алғаш рет 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында төреші болған. Бұл оның Азия ойындарының төрешісі ретінде екінші рет ойынға қатысуы. Ол: «Ханчжоуда Азия ойындарында жаңа технологиялық құралдарды енгізу төрешілердің жұмысына үлкен ыңғайлылық әкелді. Соның ішінде видео қайталау ойыншыны әр қырынан түсіріп, төрешінің таза ұпай беруін қамтамасыз етеді», - дейді.

Жандос Қарақожаұлы Азия ойындарының ұйымдастырылуын жоғары бағалады. «Жалпы бұл қай жағынан да спорт, спорттық орталықтардың жобалануы, ішіндегі құрылғылары, қызмет көрсетуі…… Ханчжоудағы Азия ойындарының барлық аспектісі маған көптеген тосынсый әкелді. Тек ойындардың ашылу салтанатының өзі мені таңқалдырып, ұзаққа дейін есімнен шықпады», - деді төреші әсерленіп. «Азия ойындарының дайындық жұмыстарының өте ыждағаттылықпен ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Барлығы өте жақсы орналастырылған. Барлығы орын орнында».

Халықаралық дзюдо төрешісі Жандос Қарақожаұлы Қиянов әр елдің төрешілерімен бірге (солдан екінші адам) фотоны сұхбат беруші ұсынды

Халықаралық дзюдо төрешісі Жандос Қарақожаұлы Қиянов әр елдің төрешілерімен бірге (солдан екінші адам) фотоны сұхбат беруші ұсынды

«Мен осы уақытқа дейін әлемнің түкпір-түкпірінде болдым, бірақ Ханчжоу өзінің әдемілігімен, заманауилығымен, көшелерінің тазалағымен, жасыл желектердің көптігімен таң қалдырды. Ханчжоу қаласындағы жалпы осы Азия ойындарына жоғары баға беремін және ол бұдан да үлкен спорттық ойындарды өткізе алады деген ойдамын».

Бұл Жандос Қарақожаұлының Қытайға екінші рет келуі. Бір айдан астам уақыт бұрын ол Чэндудегі Дүниежүзілік жазғы Универсиада дзюдо төрешісі болған. «Мен әр келген сайын Қытайды жаңа қырынан танып келе жатырмын», - деді ол.

Дзюдо Қазақстанның дәстүрлі басым спорт түрі, көптеген халықаралық жарыста Қазақстан ойыншылары бұл ойын түрінен жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жандос Қарақожаұлының айтуынша, дзюдодан Қазақстан мен Қытайдың әйелдер құрамалары жиі бірлескен жаттығулар өткізеді. Оның пайымдауынша, екі ел арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынас спорт саласындағы екі тарап арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото