Қазақстан: «Бір белдеу, бір жол» жобасы алғаш басталған ел немесе он жылға шолу

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына он жыл толады. Соңғы он жылда Қытай 150-ден астам елмен және 30-дан астам халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 200-ден аса құжатқа қол қойды. Сонымен қатар көптеген елдер өздерінің даму жоспарларын «Бір белдеу, бір жол» бастамасына біріктірді.

2013 жылғы 7 қыркүйекте «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу бойынша бастама Қазақстанда алғаш рет көтерілді. Содан бері тамыр жайған бастама «Достық гүлі» қауызын ашты.

Қазақстандағы Назарбаев университетінің бас конференц-залында осыдан он жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу үшін ынтымақтастықтың инновациялық модельдерін пайдалану туралы бастама көтерген болатын. Жиында Л.Н.Гумилев атындағы нфуций Еуразия ұлттық университеті Коинституты қазақстандық филиалының деканы Сәуле Қошанова да болды. Сол кездегі көрініс оның есінде әлі де анық қалпында сақталған.

Л.Н.Гумилев атындағы нфуций Еуразия ұлттық университеті Коинституты қазақстандық филиалының деканы Сәуле Қошанова

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының деканы С.Қошанова: «Сол кезде залдағылар ауқымды жоспарды тыңдап, жігерлене түсті. Алдағы үлкен міндеттер жиналғандардың үлкен резонансын тудырып, көпшілік ерекше назар аударды. Өйткені олар осы бастама арқылы көптеген жобалардың туындайтынын аңғарған еді. Жиынға қатысқан қазақстандық студенттер кейінірек Қытайға шақырылды. Қытайдың дамуына таңданған жастар Қытай еліне және қытай тілін үйренуге үлкен қызығушылық таныта бастады. Соның ішінде біздің Конфуций институтының білім алушылары да болды. Менің ойымша, бұл өте жақсы бастама. Себебі жастар болашақта екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достықты тереңдетуге негіз қалайды».

Гүлнар Шаймергенова да он жыл бұрын залда Қытай Төрағасының сөзін тыңдаған еді. Қазақстандағы Қытай зерттеу орталығының директоры Г. Шаймергенова Қазақстанның бидай экспортына байланысты мәселелерді зерттейді. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы оған жаңа мүмкіндіктерді байқауға бағыт көрсетті.

Қазақстандағы Қытай зерттеу орталығының директоры Г.Шаймергенова

Қазақстандағы Қытай зерттеу орталығының директоры Г.Шаймергенова: «Біз Қытайға барып, осы жаңа жаһандық бастамаға байланысты мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді түсіну үшін қытайлық талдау орталықтарында болдық. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының арқасында Қазақстан Вьетнамға азық-түлік жеткізе бастады. Осыдан кейін Қазақстаннан астық экспортының жалпы көлемі жылына 50 000 тоннадан асты. Басқа елдерде де ондаған нарықтық тармақтар ашылды. Бұл дамудың жаңа мүмкіндігі.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы іске қосылғаннан кейінгі бірінші жылы Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынып, оның «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйісуін жүзеге асырды. Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы Ляньюньган мен «Қорғас-Тондамун» ерекше экономикалық аймағының сусыз порты Азия-Еуропа құрлық-теңіз жаңа интермодальды көлік каналын дәйекті түрде қалыптастырып, Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа темір жол бағыты ашылды. Қазақстан Тынық мұхитқа тікелей қатынайтын портқа ие болып қана қоймай, Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік торабына айналды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының қазақстандық филиал деканы С.Қошанова: «Соңғы он жылда біз «Бір белдеу, бір жол» бастамасы көптеген жобаларды кеңейтуге көмектескенін және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін бергенін көрдік. Сонымен бірге барлық қатысушы елдер өз пікірлерін айтуға құқылы. Алға қойылған бастамаларды басқа елдер де қабылдайды. Бұл шын мәнінде өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырды».

Қазақстандағы Қытай зерттеу орталығының директоры Г.Шаймергенова: ««Бір белдеу, бір жол» бастамасы қазіргі уақытта барлық елдердің дамуына кең мүмкіндіктер ашып, ортақ даму мен өзара тиімділіктің үлгісіне айналды. Менің атап өткім келетіні, «Бір белдеу, бір жол» жобасындағы ынтымақтастық әлемге жаһандық басқарудың мүлдем жаңа моделін көрсетті. Болашақта «Бір белдеу, бір жолдың» мазмұны байып, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруда бірлескен жұмысқа ықпал етеді деп сенемін».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото