Белестерді бағындыру: 16 жасар қыздың жарыс жолы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Адамның әлеуеті шексіз. Мен өзімнің әлеуеттік шекара мүмкіндігімнің қаншалықты екенін білгім келеді» деген ұранға сәйкес, 16 жасар Чжэнь Синь тіпті ересектерді таң қалдыратын көптеген сынақтардан өтті.

Осы жазда Чжэнь Синь бірнеше күн ішінде Қытайдағы бес үлкен тауға шықты. Қысқа ғана төрт күн, он сағаттың ішінде ол Хуашань, Соншань, Тайшань, Шаньсидегі Хэншань және Хунаньдағы Хэншаньды бағындырды. Сөйтіп ол бес үлкен тауға көтерілген ең жас және ең шапшаң адам атанды.

Мұндай сынақтарды Чжэнь Синь алғаш рет бағындырған жоқ. Ол 11 жасындағы алғашқы жарысынан бастап, 13 марафонды сәтті аяқтады. Чжэнь Синь 18 жасқа толғанда, Дүниежүзілік марафон жарысына қатысқысы келді. Онда жеті күнде жеті құрлықта жеті марафон өткізу талап етіледі.

Чжэнь Синь мектептің жоғары сыныптарын оқып жүргенде, өзінің мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырғысы келеді. Сонымен бірге университетке түсіп, психология мамандығын алуды жоспарлап жүр. «Өйткені мен белгісіз нәрсені ашқым келеді», - дейді талапты жас.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото