Қытайдың CICA Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның Ұлттық медалімен марапатталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы (бұдан әрі «CICA» деп аталады) Қазақстанның астанасы Астана қаласында құрылғанына 31 жыл толуына орай қабылдау өткізді. Іс-шараға Қазақстан үкіметінің лауазымды тұлғалары, Астанадағы әр елдің дипломаттары мен елшілері, академиялық және іскер топтардың өкілдері қатысты. Осы кезеңде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Бақаев Қазақстан Президенті атынан Қытайдан келген мансаптық дипломат әрі CICA Бас хатшысының орынбасары Чи Фан ханымды үш жылдық өкілеттік мерзіміндегі жетістіктері мен CICA процесін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін «Шапағат» медалімен марапаттады.

CICA Бас хатшысы Қайрат Сарыбай барлық қатысушыларды құттықтап, қол жеткізілген негізгі жетістіктерге тоқталды.

1992 жылдың қазан айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-нші Конгресінде Азия өңірінде қауіпсіздік тетіктерін құруға жәрдемдесу және өңірлік экономикалық даму мен әлеуметтік өркендеуді қолдау үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жалпыазиялық өңірлік ұйымын құру туралы бастама көтерді. Бұл аймақтық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі» атауын беру ұсынылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото