Соңғы 8 айда Қашқар аймағындағы импорт пен экспорттың жалпы құны және оның өсу қарқыны Шыңжаңда бірінші орынға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қашқар кеденінен алған ақпаратқа сәйкес, биылдың алғашқы сегіз айында Қашқар өңірінің импорты мен экспортының жалпы құны 51,2 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,5%-ға өсті, бұл ұлттық сыртқы сауданың өсуінен 98,6 пайыздық тармаққа жоғары болды. Алғаш рет 50 миллиард юаньнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Сондай-ақ импорт пен экспорттың жалпы құны мен өсу қарқыны бойынша Шыңжаңдағы облыс-аймақ-қалалар арасында бірінші орынды иеленді.

Алғашқы сегіз айда Қашқар аймағының экспорт көлемі 49,88 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,4%-ға, ал импорт көлемі 1,32 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,1%-ға өсті.

Алғашқы сегіз айда Қытайдың Қашқар аймағының «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысына қатысушы елдерге импорты мен экспортының құны 48,54 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%-ға өсті. Тауар құрылымы тұрғысынан көп еңбекті қажет ететін өнімдер мен машина-электротехника өнімдері - ең маңызды экспортталатын тауарлар. Жоғары технологиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы өнімдері мен күн батареялары экспортының құны тиісінше 48,6%, 23% және 50,2 есе өсті. Металл кені мен минералды құмдардың импорты былтырғы жылдық деңгейден едәуір асып түсті.

Алғашқы сегіз айда Қашқардағы жеке кәсіпорындардың импорты мен экспортының құны 49,91 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,3%-ға ұлғайды. Бұл Қашқардың импорты мен экспортының жалпы құнының 97,5%-ын құрайды. Демек Қашқардағы шетелге бағдарланған кәсіпорындардың тартымдылығы барған сайын артып келеді.

Тасымалдау әдістері тұрғысынан Қашқар аймағының автомобиль көлігі арқылы импорты мен экспортының құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ға өсті. Олардың ішінде Илкештан, Тұрғат және Қарасу порттары арқылы импорт пен экспорттың құны былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 172,8%, 29%,159,6%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото