Ақ кітап: «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың ең ауқымды платформасына айналды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазанда Мемлекеттік кеңестің Ақпараттық басқармасы жариялаған «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы: тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құрудың негізгі тәжірибелері» атты ақ кітапта «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылысы бүгінгі таңда әлемдегі ең ауқымды халықаралық ынтымақтастық платформасына айналғаны айтылған.

Сол сияқты Ақ кітапта саяси коммуникация «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құрудың маңызды кепілі екендігіне назар аударылған. Қытай мен қатысушы елдер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар саяси коммуникацияның көп деңгейлі тетігін белсенді түрде құрды. Стратегиялық дамуды жоспарлау, технологиялық және экономикалық саясат, басқару ережелері мен стандарттарында саяси ұштасуға қол жеткізді. Өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар мен шараларды бірлесіп әзірледі.

Ақ кітапта нысандарды қосу «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының басым бағыты болып табылатындығы атап өтілген. «Бір белдеу, бір жол» құрылысы «Алты дәліз, алты жолды» негізгі құрылым ете отырып, «құрлық, теңіз және аспан желісінің» байланыс сызбасын құрды. (Алты дәліз: Азия-Еуропа құрлық көпірінің жаңа экономикалық дәлізі, Қытай-Моңғолия-Ресей, Қытай - Орталық Азия - Батыс Азия, Қытай - Үндістан түбегі, Қытай-Пәкістан, Бангладеш-Қытай-Үндістан-Мьянма сияқты алты халықаралық экономикалық ынтымақтастық дәлізі. Алты жол: теміржол, тас жол, теңіз көлігі, авиация, құбыр, ғарыштық интеграцияланған ақпараттық желі сияқты алты инфрақұрылымдық байланыс желісі).

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото