Ақ кітап: «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһандық сауданың дамуына ықпал етті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазанда Мемлекеттік кеңестің Ақпараттық Бюросы жариялаған «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы: тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құрудың негізгі тәжірибелері» атты ақ кітапта «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы жүйелі түрде және кезең-кезеңімен көлік, ақпарат және басқа инфрақұрылым құрылысына, сауда мен инвестицияның еркіндігі және оны жеңілдетуге ықпал еткені айтылған. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жолға» қатысушы елдердің ішіндегі, мемлекетаралық және аймақ арасындағы тасымалдау қиындығы мен сауда-инвестициялық ынтымақтастық жолындағы кедергілердің жойылғаны атап өтілген.

Сонымен қатар, «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылысы қатысушы елдер мен өңірлердің жаһандық жоғары сапалы капиталға үйлесімділігін арттырып, олардың жаһандық трансшекаралық тікелей инвестициялардағы ұстанымдарын нығайтты.

Ақ кітапта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы іске асырылғаннан бері тек инфрақұрылымды салу арқылы жаһандық сауда шығындары 1,8%- ға, ал Қытай-Орталық Азия-Батыс Азия экономикалық дәлізі бойынша сауда шығындары 10% - ға төмендеп, әлемдік сауданы жеңілдетуге және экономикалық өсуге маңызды үлес қосқаны айтылған. Бұл қатысушы елдердің саудасын 2,8% -9,7%-ға, әлемдік сауданы 1,7% -6,2% - ға және жаһандық кірісті 0,7% -2,9% - ға арттырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото