Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салудың үлгісі болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2013 жылдың қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Қазақстанда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу туралы бастама көтерді. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жолға қойылған алғашқы ел ретінде, «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрлысында ерекше маңызды орынға ие. Жақында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қытай ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының басталуы ерте, ірге тасы берік, нәтижелері жемісті, даму әлеуеті күшті болуымен жаһандық ауқымда «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы бірлесудің үлгісі болғанын жеткізді.

Чжан Сяо Қытай мен Қазақстан мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен және дербес алға жылжуымен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты дамытуға ұдайы ықпал ете отырып, Қазақстанның даму стратегиясымен терең интеграцияланғанын атап өтті.

«2022 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі алғаш рет 31 миллиард АҚШ долларынан асып, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 23,6%-ға өсті. Қытай көптеген жылдар бойы Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі, экспорттың екінші ірі бағыты және импорттың екінші ірі көзі болып табылады». Чжан Сяо медицина, трансшекаралық электрондық коммерция, цифрлық экономика және автомобиль жасау сияқты жаңа салалардағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Чжан Сяодың айтуынша, 7 жұп тұрақты ашық порттар, 5 трансшекаралық мұнай және газ тасымалдау құбырлары, 2 трансшекаралық теміржол магистральдары және 1 халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы салынған. Ең маңыздысы 2022 жылы 13 000-нан астам Қытай-Еуропа пойыздары Алашанькоу мен Қорғас шекарасынан өтіп, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда тасымал көлемі 8,7%-ға артты. Бұл халықаралық жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Теңдік пен өзара тиімділік Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы ынтымақтастықтың негізін қалады. Чжан Сяо Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Алматы фотоэлектрлік электр станциясы, Жаңатас жел электр станциясы және Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы технологиялық паркі сияқты бірлескен демонстрациялық жобалардың басым бөлігі Қазақстанның индустрияландыру деңгейін едәуір арттырып, екі елдің халқына нақты пайда әкелгенін атап өтті.

Саясаттағы келісім Қытай мен Қазақстан үшін «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысында сенімді кепілдікті қамтамасыз етті. Чжан Сяо Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюда жетекші рөл атқарғанын айтты. Екі тарап «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылысын негізге ала отырып, Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің ортақ үйлестіруші рөлін атқарды және екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты қарқынды ілгерлетті.

«Сауда мен инвестициялардан бастап әлеуетті арттыру саласындағы ынтымақтастыққа дейін, өзара байланыстардан жаңа форматқа дейін әртүрлі саладағы жан-жақты, көп деңгейлі және кең ауқымды ынтымақтастық берік өміршеңдік пен әлеуетті ынталандырды. Осылайша «Бір белдеу, бір жол» құрылысындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын ізгілікті айналым жолына бағыттады», - деді Чжан Сяо.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото