Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жолдың» жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин Бейжіңде 17-18 қазан аралығында «Бір белдеу, бір жолдың» жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық ынтымақтастық форумы өтетінін мәлімдеді. Форумның тақырыбы - «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы салып, қол ұстаса ортақ даму мен өркендеуге қол жеткізейік». Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин форумның ашылу салтанатына қатысып, маңызды сөз сөйлейді. Сонымен қатар саммитке қатысу үшін Қытайға келген қонақтарға қарсы алу қонағасын беріп, екіжақты іс-шаралар өткізеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото