Алғашқы сегіз айда Қытайдағы қызметтер импорты мен экспортының жалпы көлемі 8%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазанда сауда министрлігі жариялаған деректер Қытайдың импорты мен экспортының жалпы көлемі биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 4253,37 миллиард юань болғанын көрсетті, бұл өсу үрдісін жалғастыра отырып, былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға өсті.

Деректер көрсеткендей, қаңтардан тамызға дейін Қытайдың қызметтер экспорты 1767,31 миллиард юаньды құрап, былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеді; қызметтер импорты 2486,06 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5%-ға өсті; қызметтердің сауда балансының тапшылығы 718,75 миллиард юаньды құрады.

Олардың ішінде ғылымды қажетсінетін қызметтер саудасының үлесі артты. Қаңтардан тамызға дейін Қытайдағы ғылымды қажетсінетін қызметтердің импорты мен экспорты 1813,94 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға ұлғайды. Бұл қызметтер импорты мен экспортының жалпы көлемінің 42,6%-ын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото