Биыл Шыңжаңдағы Қорғас портынан Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының 6000-нан астамы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда сағат 17:10-да киім, ойыншық, механикалық және электротехникалық бұйымдар, автомобиль бөлшектері және басқа да тауарлармен толығымен жүктелген 55 вагоннан тұратын 2031-інші Қытай-Еуропа пойыз Қорғас теміржол портынан шығып, Польшаның Малашевичына бет алды. Мәліметтерге сәйкес, биыл Қорғас теміржол порты арқылы өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының саны 6000-нан асқан.

Осы жылдан бастап Қорғас теміржол портындағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) арқылы өтетін пойыздардың саны өсе берді және күн сайын өтетін пойыздардың саны 21-ден асты. «Қытайда жасалған» тауарлардың саны күннен күнге артып келеді. Мысалы, күнделікті қажетті заттар, механикалық және электрлік жабдықтар, электрондық құралдар, ауылшаруашылық өнімдері және онымен байланысты басқа да тауарлар Қорғас порты арқылы Орталық Азия мен Еуропаға жол тартады. Солардың ішіндегі биылғы жылдың ең көзге түсерлік істерінің бірі Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары арқылы шетелге шығып жатқан жаңа энергетикалық көліктер. Қазіргі уақытта отандық автомобильдердің бірқатар маркалары Қорғас теміржол порты арқылы Ресей, Қазақстан, Өзбекстан сынды елдерге экспортталды.

Қорғас Jean халқаралық тасымалдау агенттік шекті компаниясының коммерциялық директоры Мао Фэн: «Біздің компания 10 жылдан бері портта агент ретінде қызмет етіп келеді. Соңғы жылдары біздің компания ұсынған Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары қарқынды өсуге қол жеткізді», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото