Қазақстандық сарапшы Айдар Әмірбаев: «Бір белдеу, бір жолдың» келесі алтын онжылдығын бірлесіп саламыз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 17-18 қазан аралығында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтың үшінші форумы өтеді. Бірнеше күн бұрын қазақстандық әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары Айдар Әмірбаев: «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысында Орталық Азияның бес елі шешуші болып табылатынын айтты. «Бір белдеу, бір жол» халқаралық жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтың үшінші форумын өткізу Қытай мен Орталық Азия көшбасшылары үшін болашақ «Бір белдеу, бір жол» шараларын бірлесіп талқылауға және одан әрі даму үшін стратегиялық негізгі бағыттарды белгілеуге тамаша мүмкіндік болып табылатынын жеткізді.

Айдар әлемдік экономика бүгінде күрделі және аумалы-төкпелі жағдайда болса да, алдағы он жылға көз салсақ, «Бір белдеу, бір жолдың» болашағы нұрлы екенін айтты. Ол «Бір белдеу, бір жолдың» бастамасы ынтымақтастық пен дамуға негізделген дағдарысқа қарсы жоспар екенін атап өтті. «Халықаралық қауымдастық еңсеруі керек қиындықтар жағдайында біз оларды бірге талқылаймыз. Алдағы он жыл біздің жұмысымыздың 10 жылы өте қарқынды болады, бірақ бұл күш-жігер «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында құрылған елдердің игілігі үшін тиімді нәтиже береді».

««Бір белдеу, бір жол» - бұл экономикалық ынтымақтастық және инфрақұрлымдарды тұтастыру жобалары ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі адамдарды тығыз байланыстыратын нақты тұлғааралық жоба». Айдар «адамды негіз ету» болса, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі қағидаттарының бірі екенін айтты. Бұл бастама адамдарды тығыз біріктіреді, осылайша әртүрлі елдерден келген адамдар пікір алмасу және өзара үйрену арқылы өз әлеуетіне қол жеткізе алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото