Шыңжаңдық ғалым Батыстың «мәжбүрлі еңбек» деген қауесетін жоққа шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Қытайға қарсы батыстық күштер «мәжбүрлі еңбек» қауесетін таратып, Қытайға жүйелі түрде жала жабу арқылы елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіріп, Қытайды басқа елдермен достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтан алшақтатуға күш салды. Шыңжаң университетінің профессоры Тұрсын Абай 15 ел мен аймақтағы 22 БАҚ-тан Шыңжаңға қатысты 30 000-нан астам хабарламаны жинақтап, «мәжбүрлі еңбек» қауесетін әшкереледі.

Қауесет: Батыс елдері Шыңжаң білім беру орталығының жетілдіру мен жұмысқа орналастыруын сынға алып, бұл «мәжбүрлі жұмыс» деп санады.

Шындық: Ауылдық артық еңбек күшін жұмыспен қамту Қытай үкіметі үшін фермерлердің кірістерін көбейтіп, бақуатты болуға ынталандырудың маңызды әдісі болып табылады. 2014 жылдан 2019 жылға дейін Шыңжаң ауылдағы 2,763 миллионнан астам артық жұмыс күшін еңбекпен қамтыды. Осының нәтижесінде қала-қалашық тұрғындарының жан басына шаққандағы қолда бар табысы 34 700 юаньға дейін өсті. Ал ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы қолда бар табысы 13 100 юаньға дейін ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото