Бейжіңде «Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» туралы айтады» атты кітаптың көптілді басылымын алғашқы тарату рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қазанда Бейжіңде «Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» туралы айтады» атты кітаптың араб, испан, португал, неміс және жапон тілдеріндегі бес жаңа кітабы ресми түрде жарияланып, елде және шетелде таратылды.

Кітапта ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысын ілгерілету туралы 42 қолжазбасы бар. Онда «Бір белдеу, бір жол» бастамасын тұжырымдау, байыту және дамыту процесі егжей-тегжейлі сипатталған, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» құрылысының принцип тұжырымдамалары, бай коннотациялары, мақсаттарына жету жолдары нақты түсіндірілген. Бұл елдегі және шетелдегі оқырмандарға «Бір белдеу, бір жолдың» мағынасын, идеологиялық шығу тегі мен практикалық құндылығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін беделді басылым.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото