CNOOC мен «ҚазМұнайГаз» стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» --16 қазанда CNOOC мен Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ҰК» компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойды. Екі тарап мұнай мен газды барлау және игеру, мұнай сервисі қызметтері және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ кейіннен жан-жақты ынтымақтастық үшін тетік-платформа құруға келісті.

CNOOC төрағасы Ван Донцзинь мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды, екі тарап мұнай және газ саласындағы жоғарғы, орта және төменгі ағыс ынтымақтастығы туралы терең пікір алмасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото