Ли Цян Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 қазан

18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Мемлекеттік Кеңестің Премьер-министрі Ли Цян 17 қазан күні түстен кейін Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысу үшін Қытайға келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Ли Цян Қытай Қазақстанның өз ұлттық жағдайына сәйкес келетін даму жолымен жүруін берік қолдайтынын атап өтті. Премьер-министр Қытай тарапы «Жібек жолының экономикалық белдеуін» салу мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты арасындағы неғұрлым тығыз ықпалдастыққа жәрдемдесу, ауыл шаруашылығы мен өндірістік қуат сияқты дәстүрлі экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту және кеңейту, сондай-ақ 5G коммуникациясы, үлкен деректер, цифрлық экономика, жасанды интеллект және трансшекаралық электрондық коммерция сияқты жаңа салалардағы байланысты белсенді ету мақсатында Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті. Сонымен бірге Қытай тарапы шекара порттары, трансшекаралық теміржолдар және халықаралық мультимодальды құрлық-теңіз тасымалы сияқты өзара байланыс деңгейін арттыру, мәдениет пен туризмді, білім беруді, жастар, кино мен теледидар, жергілікті мәдени алмасуларды нығайтуға дайын екенін айтты. Сол сияқты «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы салу ынтымақтастығында жетекші рөл атқаруды жалғастыруға, екі ел мен аймақтың дамуына берік ықпал етуге дайын екенін жеткізді.

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан Қытайдың өзінің негізгі мүдделерін қорғауын берік қолдайтынын, Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасына толық қолдау көрсететінін, Қытаймен энергетика, экономика және сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ Қытай тарапымен бірге Қазақстан-Қытай тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік байланысын үздіксіз жаңа деңгейге шығаруға әзір екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото