Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Шыңжаңға барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 қазан

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысқаннан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионына арнайы сапармен барды.

Бұл Шыңжаң достық алмасу делегациясының осы жылдың наурыз айында Қазақстанға барғаннан кейінгі екі тарап үшін достық алмасулар мен прагматикалық ынтымақтастықты ілгерілетудегі тағы бір маңызды іс-шара болды.

Екі тарап та келіссөздер жүргізіп, Қытай-Орталық Азия саммиті мен осы жолғы форумының нәтижелерін жоғары деңгейде іске асыратынын, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, туризм, өзара байланыс және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастықты нығайтатынын, сондай-ақ салауатты, тұрақты және серпінді Қытай-Қазақстан қатынасын құруға үлкен үлес қосатынын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото