Қытайдың 6-ншы халықаралық импорт көрмесіне 60-тан астам ел қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 қазан

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші мәліметіне сәйкес, 60-тан астам елдің Қытайдың 6-ншы халықаралық импорт көрмесіне қатысатыны белгілі болды.

Ұлттық конгресс-көрме орталығы (Шанхай) жауапкершілігі шектеулі компания президентінің көмекшісі Чжан Вайминьнің айтуынша, бұл жолғы көрменің құрметті қонағы - Сауд Арабиясы Корольдігі. Көрмеге қатысуы расталған елдерге ең аз дамыған, дамушы және дамыған мемлекеттер жатады.

Мәліметтерге сәйкес, биылғы жылы көрмеге түрлі экспозициялар, интерактивті іс-шаралар және басқа да әдістер арқылы ғылыми және технологиялық инновациялар, әлеуетті салалар және әртүрлі елдердің инвестиция саласындағы қызықты мазмұндарды ұсынатын болады. Қытай павильонының көрме алаңы бұрынғы 1500 шаршы метрден 2500 шаршы метрге дейін кеңейген. Бұл алдыңғы өткен көрмелердің ішіндегі ең көлемдісі болып саналады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото