2023 жылғы «Бір белдеу, бір жол» БАҚ ынтымақтастық форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қазанда Бейжіңде 2023 жылғы «Бір белдеу, бір жол» БАҚ ынтымақтастығы форумы өтті. Форумның тақырыбы – «Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты нығайту және жарқын болашақты бірлесіп құру».

2013 жылдың күзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бойынша ірі бастама көтерді. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрылысы алғашқы жігерлі он жылын сәтті өткізіп, жемісті нәтижелерге қол жеткізді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы дамыту бойынша сегіз шараны қолдайтынын мәлімдеді. Кездесуде қытайлық және шетелдік қонақтар соңғы он жыл ішінде «Бір белдеу, бір жол» бейбіт ынтымақтастықтың, ашықтық пен бауырмалдықтың, өзара үйренудің, өзара тиімді ортақ ұтысқа жететін Жібек жолы рухына мұрагерлік еткенін және «бірге ақылдасу, бірге салу, бірге бөлісуге», «ашық, жасыл, риясыз болуға», «жоғары стандартты, халыққа тиімді, тұрақты болуға» табанды болғанын, соның арқасында нақты және қомақты нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. «Бір белдеу, бір жол» бейбітшілікке, өркендеуге, ашықтыққа, тұрақтылыққа, инновацияға және өркениетке апаратын жолға айналды.

Негізгі форумнан басқа, форум халықаралық байланыс бойынша «Жібек жолы сыйлығын және «Бір белдеу, бір жол» өңірлік ынтымақтастық кіші форумын ұйымдастырды. Форумға 75 «Бір белдеу, бір жол» еліндегі 110-нан астам бұқаралық ақпарат құралының 130-дан астам шетелдік БАҚ басшылары, аға редакторлары мен тілшілері қатысты. Сондай-ақ Орталық үкіметтің тиісті министрліктерінің жауапты жолдастары, Орталық Үкіметтің негізгі бұқаралық ақпарат құралдарының жауапты жолдастары, сарапшылар мен ғалымдар, «Бір белдеу, бір жол» құрылысына қатысқан кейбір мемлекеттік кәсіпорын мен жеке кәсіпорындардың жауапты тұлғалары қатысты.

«Бір белдеу, бір жол» БАҚ ынтымақтастық форумын people's Daily газеті 2014 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, қазірге дейін 7 мәрте өткізді. «Бір белдеу, бір жол» БАҚ ынтымақтастығының 7-ші форумына 100-ден астам ел мен аймақтан келген 1000-нан астам БАҚ, талдау орталықтары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы үшін жоғары деңгейдегі БАҚ диалогы мен ынтымақтастығы платформасын ұсынды. 109 елдегі 238 БАҚ пен мекемені қамтитын «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсы - «Бір белдеу, бір жол» елдерінің бірлескен құрылысы үшін БАҚ ынтымақтастығының маңызды платформасына айналды. Сонымен қатар бұл альянс өз мүшелерінің ауқымын кеңейтуде, іскерлік ынтымақтастықты тереңдетуде, диалог тетіктерін ұлғайтуда және инновациялық бренд жобаларда маңызды ынтымақтастық нәтижелеріне қол жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото