Шаньсидің иогэмасы (май бақа) - қыз айттыра барғанда жейтін тағам

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдағы ең ірі ұн тағамдарын тұтынатын өлке ретінде «көмірсутекті тағамдар отаны» атауын иеленген Шаньсиді айтуға болады. Шансидың Цзиньчэн қаласы Янчэн ауданының Хуанчэн ауылында өзгеше жергілікті бір тағам бар. Бұрын ол тек қыз айттыра барған күйеу балаға берілетін. Оның иогэма (май бақа) деген сүйкімді атауы бар.

Ұнды илеу, суға қайнату, қайта илеу сияқты бірнеше басқыштан өткен соң, табақ толы иогэма дайын болады. Майға қарылғаннан кейін оның сырты қытырлақ, іші жұмсақ, дәмі тіл үйіреді.

Ежелде бұл тағамның мынадай мәнісі болған. Жігіт қыздың үйіне асқа барады. Қыздың анасы «май бақа» дайындап, оны жігіттің алдына қояды.

Мұнда тағаммен бірге қойылған дәмдеуішке назар аудару керек: егер тағамға жағып жеуге бал немесе қант қолданылса, бұл қыздың отбасының екеуіне балдай тәтті бақыт тілейтінін білдіреді (күйеу баланың ұнағаны); егер жігітке сарымсақ шырыны қойылса, онда өкінішті, тағамды жеп болған соң, үйіңе қайтарсың дегені (күйеу баланың ұнамағаны). Өйткені «сарымсақ» сөзі қытай тілінде «болды, бітті» деген сөзбен үндеседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото