Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим 10-қарашада күшіне енеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қазан
Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим 10-қарашада күшіне енеді

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылғы 17 мамырда Қытайдың Сиань қаласында қол қойылған Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді.

Осы Келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

«Азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі болған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді»,-делінген хабарламада.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото