Қытай азаматтық авиация әкімшілігі мен Қазақстан «Әуе жібек жолын» бірлесіп салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі үшінші форумы өзара байланыс жөніндегі жоғары деңдейдегі жеке жиналыстың бастапқы кезеңінде Қытай Азаматтық авиация әкімшілігінің директоры Сун Чжиэн мен Қазақстан Республикасының Көлік министрі М.Қарабаев және Тәжікстан Республикасы азаматтық авиация әкімшілігінің директоры Дилшод Сафарзода тиісінше «Қытай азаматтық авиация әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Әуе жібек жолын» бірлесіп салу туралы өзара түсіністік меморандумы» мен «Қытайдың Азаматтық авиация әкімшілігі және Тәжікстан Республикасының азаматтық авиация әкімшілігі «Әуе жібек жолын» бірлесіп салу туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандумға сәтті қол қою «Қытай-Орталық Азия саммиті Сиань декларациясын» іске асырудың нақты шарасы болып табылады. Сонымен бірге Қытай-Қазақстан мен Қытай-Тәжікстан «Әуе жібек жолы» бірлескен құрылысын одан әрі тереңдету жөнінде кең консенсусқа қол жеткізгенін көрсетеді. Барлық тараптар әуе көлігі саласындағы саясатты үйлестіруге, әуе көлігін ашу мен дамытуға, азаматтық авиация инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық пен азаматтық авиация қауіпсіздігі, экологиялық және зерделі техника саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ маман алмасуына, жүк тасымалына тиімділік жаратуға мүдделі. Сол арқылы гуманитарлық, экономикалық, сауда және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс жасайтын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото