Қытай жазушысы Гюго сыйлығын жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қазан күні кешке 2023 жылғы Чэнду дүниежүзілік ғылыми-фантастикалық конференциясында «Гюго-2023» сыйлығының лауреаттары жарияланды. Конференцияда Гюго сыйлығының 17 санаты мен Гюгодан тыс 2 сыйлықтың санатының таңдалғаны белгілі болды. Қытай жазушысы Хай Я «Уақыт пен кеңістік суретшісі» шығармасымен үздік новелла сыйлығын жеңіп алды. Бұл сонымен қатар Гюго сыйлығының Қытайда алғаш рет жарияланып, марапатталуы.

1953 жылы бекітілген Гюго сыйлығын дүниежүзілік ғылыми фантастика қауымдастығы Гюго Генсбахтың құрметіне жыл сайын дүниежүзілік ғылыми фантастика конвенциясы кезінде береді. Айта кету керек, биылғы Гюго сыйлығы тарихтағы ағылшын тілді емес қатысушылардың ең көп іріктелуі болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото