Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 қазан

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Алматы қаласында Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалы ресми түрде ашылды. Үш мамандық бойынша магистратураға: материалтану және инженерия, информатика және технологиялар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инженерия мамандықтарына ресми оқуға түсу кіріспе хаттары табыс етілді. Бұл Қытай университеті құрған алғашқы қазақстандық филиалдың ресми ашылуы.

Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалы Қазақстандағы Қытай қаржыландыратын кәсіпорындар үшін ғылым мен техника саласындағы жергілікті мамандардың шұғыл қажеттігін негізге алады. Оқу орны Орталық Азия өңірі үшін кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған оқу бағдарламаларын ортақ әзірлеуді және бірлесіп оқыту үшін білім алушыларды бірге қабылдауды жүзеге асырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото