Қазақстан сияқты бірқатар елдер Қытайдың 6-ншы халықаралық импорт көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 қазан

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сауда вице-министрі Шэн Цюпин 23 қазан күні өткен баспасөз мәслихатында Қытайдың 6-ншы халықаралық импорт көрмесі 154 елден, аймақтардан және халықаралық ұйымдардан келетін қонақтарды қабылдайды деп күтілетіндігін жеткізді. Көрмеге 3400-ден астам экспонат пен 394 000 кәсіби келуші тіркеліп, түгелдей офлайн түрде өтеді, бұл эпидемияға дейінгі деңгейге толығымен оралды. Әлемдегі 500 ірі компания мен саланың 100-ден астам жетекші компанияларының жаһандық штаб-пәтерлерінің басшылары Қытайдың 6-ншы халықаралық импорт көрмесіне келетіні расталып, рекордтық деңгейді көрсетті.

Көрме 5-10 қараша аралығында өтеді. Қатысушы елдер бес құрлықты қамтиды. 69 ел мен 3 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растады. Олардың ішінде Қазақстан, Гондурас, Сербия, Оңтүстік Африка, Вьетнам сияқты 5 ел құрметті қонақ ретінде қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото