Қазақстандықтар ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 қазан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.

Қазақстан халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Атап айтар болсақ, 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады.  2009 жылы сәуірде ол мерекелер қатарынан  алынып тасталды.

2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді.

Айта кетері, Республика күні – Қазақстандағы жалғыз ұлттық мейрам.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото