Қытайдың Шыңжаңының сыртқы саудасы 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 252,84 миллиард юаньды құрап, жыл сайын 47,3%-ға өскен. Осылайша Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны бірінші рет 250 миллиард юаньнан асып түсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы сыртқы сауда деңгейінен жоғарылап, сыртқы сауда ауқымы рекордтық деңгейге жетті.

Деректер көрсеткендей, автономиялы регионда сыртқы сауданы жүргізуге ықпал ететін бірқатар стратегиялар мен шараларды жүзеге асырудың арқасында, Шыңжаңның сыртқы сауда экспорты алғашқы үш тоқсанда 213,38 миллиард юаньды құрады. Көрсеткіш сәйкес мезгілмен салыстырғанда 48,8%-ға артты. Сөйтіп, импорт 39,46 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 39,8%-ға ұлғайды.

Қытайдың Шыңжаңының үш ірі сауда серіктесі - Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан. Бұл үш елдің импорты мен экспортының көлемі тиісінше сәйкес мезгілмен салыстырғанда 71,2%-ға、32.5%-ға、93%-ға ұлғайған. Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге шығаратын импорты мен экспортының құны сәйкес мезгілмен салыстырғанда 49,7%-ға, ал Орталық Азияның бес еліне жеткізетін импорт пен экспорттың құны сәйкес мезгілмен салыстырғанда 53,8%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото