Алғашқы 9 айда трансшекаралық электрондық коммерцияның импорт пен экспорт көлемі 1,7 трлн юаньға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сауда министрлігі Халықаралық сауда келіссөздері өкілі мен вице-министр Ван Шоувэнь 24 қазанда Қытайдың тауарларды импорттау және экспорттау саудасындағы трансшекаралық электрондық коммерцияның үлесі 2015 жылғы 1% - дан 2022 жылы 5% - ға дейін өскенін айтты. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында трансшекаралық электрондық коммерцияның импорт пен экспортының көлемі 1,7 трлн юаньға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% - ға ұлғайып, сол кезеңдегі тауарлардың жалпы импорт-экспорт сауда көлемінің 5,5% -ын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото