Алғашқы тоғыз айда елдегі электр энергиясын өндірудің жиынтық қуаты шамамен 2,79 миллиард киловатты құрады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қазанда Ұлттық энергетика басқармасы жариялаған Ұлттық электр энергетикасы статистикасы осы жылдың алғашқы тоғыз айында елдегі жаңа орнатылған электр қуаты 226 миллион киловаттан асқанын көрсетті. Оның 33,48 миллион киловаты жаңа орнатылған жел энергетикасы, ал жаңа қосылған күн энергиясы таратқан қуат 128 миллион киловаттан асады. Жел мен күн энергиясының жаңа орнатылған қуаты 162 миллион киловаттан асты, бұл барлық жаңа орнатылған электр қуатының 70%-дан астамын құрайды.

Қыркүйек айының соңына дейінгі жағдай бойынша елдегі электр энергиясын өндірудің жиынтық белгіленген қуаты шамамен 2,79 миллиард киловатт болды, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға өсті. Олардың ішінде күн энергиясының белгіленген қуаты шамамен 520 миллион киловатт, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 45,3%-ға өсті; жел энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 400 миллион киловатт, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото