Еуразиялық тілшілер Гуйчжоуда пеште шай қайнатып ішті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 қазан

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «пешті айнала отырып шай ішу» - қазіргі уақытта қытайлықтардың күзде және қыста шай ішуінің ең танымал тәсілі. Алыстан келген Еуразиялық тілшілерге де осы «Күздің рәсімін» тамашалауға ұсыныс жасалды. Гуяндағы Гаожай ауылында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения сияқты елдерден келген тілшілер шай бақшаларын аралап, шай мәдениетімен танысты. Олар ошақты айнала отырып, шай қайнатып ішіп, жержаңғақ, тәтті картоп, шекілдеуік, лонган, қызыл құрма және басқа да «қақтайтын тағамдарды» жеп, сондай-ақ Гуйчжоуға тән үгітілген тофу, картоп, шиба сияқты тағамдардың дәмін татып, иісі аңқыған шаймен шөл басты.

26 қазанда «Бір белдеу, бір жол» жастардың пікір алмасу жобасы Гуйчжоуда - Еуразия елдерінің БАҚ өкілдеріне арналған Гуйчжоуды аралау іс-шарасы Гуйянда басталды. Іс-шара 26 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады. Іс-шара барысында Еуразия елдерінен келген жас тілшілер Гуйян қаласының Гуаньшаньху ауданындағы экологиялық өркениет көрме залына барады, Гуйчжоу өлкесі Цяньдуннан Миао және Дон автономиялы облысына қарасты ауылдағы «Ауылдық BA» финалын нақ майданда тамашалайды. Сонымен бірге Аньшунь қаласындағы Балинхэ көпіріне саяхат жасап, сосын Бицзе қаласындағы чжицзинь үңгірінің геологиялық құпияларын сезінеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото